2018 жылдың 14 маусымында ҚР ДСМ ҚДСК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК-ның Қызылорда облысы бойынша филиалының базасында «Ашық есік күні» өткізілді.
Өткізілген «Ашық есік күні» мақсаты халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету, филиалдың көрсететін қызметтерін кеңінен тарату, заңды және жеке тұлғалармен көрсетілетін қызметтің қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Іс-шараға зертханалар меңгерушілері мен бөлім бастықтары, мектепке дейінгі білім беру мекемелері, білім беру мекемелерінің асханасының жеке кәсіпкерлері қатысты.
Іс-шара барысында Филиалдың қызметтері туралы бейнероликтер көрсетілді, сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарылған жұмыстар туралы, нысандарда өндірістік бақылау жүргізу, профилактикалық дезинфекция, дезинсекция, дератизация, камералық дезинфекция, клиникалық-диагностикалық зерттеулер, жұмыс орындарын аттестациялау, зертханалық зерттеулер мен инструменталды өлшемдер жүргізу сұрақтары қамтылды.
Сонымен қатар, санитарлық-гигиеналық зертханасына экскурсия жасалып, шараға қатысушылар санитарлық-химиялық зерттеулер барысымен танысты.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, осындай шаралар жыл көлемінде жалғасын табатын болады.