Кері қоңырау шалуға тапсырыс беру

App Store-дан жүктеу

Play Market-тен жүктеу

АСТАНА МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТТЕРІ ҰЛТТЫҚ САРАПТАМА ОРТАЛЫҒЫНДА ДЕЗИНФЕКЦИЯ САЛАСЫ БОЙЫНША ТАНЫСУ ПРАКТИКАСЫНАН ӨТТІ

06.11.2026

«Астана медицина университеті» КеАҚ-ның «Медициналық-профилактикалық іс» білім беру бағдарламасының 2-курс студенттері Ұлттық сараптама орталығының Астана қаласы бойынша филиалының дезинфекция бөлімінде өндірістік практикадан өтті.

Практика барысында болашақ мамандар бөлімнің негізгі қызмет бағыттарымен, дезинфекциялық іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу ерекшеліктерімен, сондай-ақ халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету бойынша атқарылатын жұмыстармен танысты.

Практика студенттерге теориялық білімдерін бекітуге, нақты өндірістік жағдайларда тәжірибе жинақтауға және дезинфекциялық іс саласындағы практикалық дағдыларды меңгеруге мүмкіндік берді.

Ұлттық сараптама орталығы денсаулық сақтау жүйесі үшін білікті кадрлар даярлау ісіне өз үлесін қосуды жалғастырып, болашақ мамандардың практикалық білім алуына және кәсіби дамуына қажетті жағдайлар жасауда.

Сурет галереясы

АСТАНА МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТТЕРІ ҰЛТТЫҚ САРАПТАМА ОРТАЛЫҒЫНДА ДЕЗИНФЕКЦИЯ САЛАСЫ БОЙЫНША ТАНЫСУ ПРАКТИКАСЫНАН ӨТТІ 1 АСТАНА МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТТЕРІ ҰЛТТЫҚ САРАПТАМА ОРТАЛЫҒЫНДА ДЕЗИНФЕКЦИЯ САЛАСЫ БОЙЫНША ТАНЫСУ ПРАКТИКАСЫНАН ӨТТІ 2 АСТАНА МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТТЕРІ ҰЛТТЫҚ САРАПТАМА ОРТАЛЫҒЫНДА ДЕЗИНФЕКЦИЯ САЛАСЫ БОЙЫНША ТАНЫСУ ПРАКТИКАСЫНАН ӨТТІ 3