Кері қоңырау шалуға тапсырыс беру

App Store-дан жүктеу

Play Market-тен жүктеу

«Ұлттық сараптама орталығы» Басқарма төрағасы Ерлан Қиясов жұмыс сапары аясында ҰСО-ның Жамбыл облысы бойынша филиалының бөлімшелерін аралады.

Председатель Правления Национального центра экспертизы Ерлан Киясов, в рамках рабочей поездки, посетил отделения филиала НЦЭ по Жамбылской области. 12.09.2026

Негізгі назар мемлекеттік тапсырыстың орындалуына, зертханалардың материалдық-техникалық жарақтандырылуына, ғимараттар мен қызметтік автокөліктердің жағдайына, сондай-ақ Жамбыл облысының елді мекендерінде зертханалық зерттеулердің сапасы мен қолжетімділігіне тікелей әсер ететін мәселелерге аударылды.

Негізгі мәселелердің бірі — ҚКГҚ табиғи ошағында орналасқан аумақтарды кенеге қарсы өңдеу жұмыстарын жүргізу болды. Бекітілген кестеге сәйкес ҚКГҚ табиғи ошағында орналасқан Жамбыл облысының 42 елді мекенінің айналасында жоспарлы қорғау жұмыстары жүргізілді. Қазіргі уақытта 6 000 гектардан астам аумақ өңделді.

Жұмыс сапары барысында аудандық бөлімшелердің жағдайына ерекше назар аударылды. Мәселен, Қордай ауданындағы зертхана 2024 жылы салынған, заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған жаңа екі қабатты ғимаратта жұмыс істейді. Бөлімше ҚР СТ ISO/IEC 17025 стандарты бойынша бастапқы аккредиттеуден өтті.

ҰСО-ның Жамбыл облысы бойынша филиалына қарасты барлық аудандық зертханалардың мүмкіндіктерін кеңейтуге де ерекше мән берілді. Бұл ретте зертханаларды заманауи құрал-жабдықтармен жарақтандыру, инфрақұрылымды жаңғырту және ҰСО зертханаларының жұмысын қамтамасыз ететін өзге де бағыттарды дамыту мәселелері қаралды.

Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша өзекті мәселелер айқындалып, ҰСО-ның Жамбыл облысы бойынша филиалы зертханаларын кезең-кезеңімен жаңғыртудың басым бағыттары белгіленді.

«Ұлттық сараптама орталығының» аудандық бөлімшелерін жүйелі түрде дамыту халық үшін зертханалық зерттеулердің қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз етудің, санитариялық-эпидемиологиялық тәуекелдерге уақтылы ден қоюдың және өңірдегі санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылық жүйесін нығайтудың маңызды шарты болып табылады.

Сурет галереясы

«Ұлттық сараптама орталығы» Басқарма төрағасы Ерлан Қиясов жұмыс сапары аясында ҰСО-ның Жамбыл облысы бойынша филиалының бөлімшелерін аралады. 1 «Ұлттық сараптама орталығы» Басқарма төрағасы Ерлан Қиясов жұмыс сапары аясында ҰСО-ның Жамбыл облысы бойынша филиалының бөлімшелерін аралады. 2 «Ұлттық сараптама орталығы» Басқарма төрағасы Ерлан Қиясов жұмыс сапары аясында ҰСО-ның Жамбыл облысы бойынша филиалының бөлімшелерін аралады. 3 «Ұлттық сараптама орталығы» Басқарма төрағасы Ерлан Қиясов жұмыс сапары аясында ҰСО-ның Жамбыл облысы бойынша филиалының бөлімшелерін аралады. 4 «Ұлттық сараптама орталығы» Басқарма төрағасы Ерлан Қиясов жұмыс сапары аясында ҰСО-ның Жамбыл облысы бойынша филиалының бөлімшелерін аралады. 5