10.12.2025
10 желтоқсанда Ұлттық сараптама орталығында кәсіпорынның ғылыми және сараптамалық қызметін дамыту жөніндегі міндеттер жүктелген алқалық орган – Ғылыми кеңестің жұмысы басталды.
Кеңес құрамына медициналық, химиялық және биологиялық ғылымдар саласындағы докторлар мен кандидаттар кірді. Ғылыми кеңестің алғашқы отырысы медицина ғылымдарының докторы, профессор Ерубаев Т.Қ.-ның төрағалығымен өтті.
Отырыс барысында ол Кеңестің 2026 жылға арналған миссиясы мен негізгі жұмыс бағыттарымен таныстырды. Ғылыми кеңестің қызметі кәсіпорынның ғылыми күн тәртібін қалыптастыруға, ғылыми-техникалық және өндірістік бағдарламаларды дамыту жөніндегі ұсыныстар әзірлеуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының және шетелдердің ғылыми және өндірістік ұйымдарымен өзара іс-қимылды үйлестіруге бағытталған.
Айта кету керек, Ұлттық сараптама орталығы ғылыми бастамаларды іске асыруға және инновациялық шешімдерді енгізуге мүмкіндік беретін қажетті инфрақұрылымға, материалдық-техникалық базаға және кадрлық әлеуетке ие.
Ғылыми кеңестің жұмысты бастауы ғылыми бағытты нығайту және ұлттық деңгейде сараптамалық қызмет сапасын арттыру жолындағы маңызды кезең болып табылады.