24.11.2025
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасының 2025 жылғы 23.10.2025 жылғы № 1949 бұйрығына сәйкес, Ерубаев Токтасын Кенжекановичке 30100 – «Медицина ғылымдары» ғылыми бағытында профессор ғылыми атағы берілді.
«Сізді профессор ғылыми атағымен марапатталуыңызбен шын жүректен құттықтаймыз. Бұл сіздің кәсіби шеберлігіңіз бен көпжылдық еңбегіңіздің лайықты мойындалуы. Сізге жаңа ғылыми табыстар мен жетістіктер тілейміз!», – деді Ерлан Киясов.
Ерубаев Токтасын Кенжеканович 105 ғылыми мақала, 2 атлас, 8 монография, 11 оқу-әдістемелік ұсыным, 2 биологиялық қауіпсіздікке арналған оқу құралының, сондай-ақ вакциналарды, диагностикалық тестілерді, арнайы профилактикалық құралдарды әзірлеу және вирусқа қарсы белсенділікті бағалау үшін қолданылатын штаммдарға қатысты 5 патенттің авторы болып табылады.