Кері қоңырау шалуға тапсырыс беру

App Store-дан жүктеу

Play Market-тен жүктеу

ҰСО Мәскеуде өткен азық-түлік қауіпсіздігі және АМР жөніндегі халықаралық конференцияға қатысты

НЦЭ принял участие в международной конференции по пищевой безопасности и АМР в Москве 21.11.2025

20–21 қараша 2025 жылы Мәскеуде «Азық-түлік қауіпсіздігі және микробқа қарсы препараттарға төзімділікті төмендетудегі бірлескен күш-жігер» тақырыбындағы                 ІІ халықаралық конференция өтті.

Конференция жұмысына Ұлттық сараптама орталығының төрағасы Е.А. Киясов пен жобаларды басқару және үйлестіру менеджері Г.Т. Максутова қатысты.

Ерлан Киясов сондай-ақ Шығыс Еуропа, Кавказ және Орталық Азия зертханалық желісіне өңірлік мүше елдер баяндамалары сессиясының модераторы ретінде қатысты.

Антимикробтық препараттарға төзімділік XXI ғасырдың ең өзекті жаһандық қатерлерінің бірі болып қала береді және мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың үйлестірілген әрекетін талап етеді.

«Зертханалық қызметті дамыту және оның техникалық жарақтандырылуын арттыру – антимикробтық резистенттілікті тиімді мониторингтеудің негізгі шарттары. Қазақстан зертханалық инфрақұрылымды жүйелі түрде нығайтып, зерттеулер ауқымын кеңейтіп келеді, сондай-ақ өңірлік және жаһандық бастамаларға белсенді қатысуда. Халықаралық ынтымақтастық тәжірибе алмасуға, озық тәжірибелерді енгізуге және биологиялық қауіпсіздік деңгейін арттыруға мүмкіндік береді», – деді Ерлан Киясов.

Антимикробтық резистенттік бойынша 2027 жылға дейінгі Екінші жол картасын іске асыру аясында Ұлттық сараптама орталығы микробқа қарсы препараттарға төзімділікті зертханалық диагностикалау және мониторинг жүргізуге қатысты негізгі міндеттерді орындаушы болып табылады.

Бүгінде ҰСО келесі зерттеулерді жүргізеді:

  • азық-түлік өнімдері мен шикізаттағы антибиотик қалдықтарының деңгейін ИФА және СКЖХ әдістерімен анықтау;
  • патогенді микроорганизмдерді анықтау;
  • антимикробтық препараттарға сезімталдығын бағалау.

«Біздің зерттеулер азық-түлік тізбегіндегі антибиотик қалдықтары мен микроорганизмдердің резистенттілігіне жүйелі бақылау жүргізудің маңыздылығын дәлелдейді. ҰСО зертханалық деректері басқарушылық шешімдер қабылдауға және халықтың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге басты негіз болып табылады», – деді Гүлжан Мақсұтова.

Конференцияға ҰСО делегациясының қатысуы кәсіби байланыстарды кеңейтуге, антимикробтық резистенттік саласындағы өзекті сын-қатерлер мен жаңа үрдістерді талқылауға, сондай-ақ Қазақстанның зертханалық қызметті нығайту және антимикробтық резистенттікке қарсы ұлттық саясатты іске асырудағы жетістіктерін таныстыруға мүмкіндік берді.

Сурет галереясы

thumbnail thumbnail thumbnail