Ұлытау облысы бойынша филиалының мемлекеттік сатып алу жөніндегі маманы бос лауазымына орналасуға конкурс туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Денсаулық Сақтау Министірлігі Санитарлық - эпидемиологиялық бақылау комитетінің. «Ұлттық сараптама орталығы» Шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық Мемлекеттік Кәсіпорыны Ұлытау облысы бойынша филиалының құқықтық, кадрлық жұмыс және мемлекеттік сатып алу секторының мемлекеттік сатып алу жөніндегі маман бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.

Біліктілік талаптары:

Құқықтық, кадр жұмысы және мемлекеттік сатып алу секторының, мемлекеттік сатып алу жөніндегі маманы бос лауазымына орналасауға конкурсқа жоғары экономикалық және заңгер білімі бар, сонымен қатар кемінде 2 (екі) жыл жұмыс өтілі бар Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.

Лауазымдық міндеттері:

1) Тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді және баға ұсыныстарын сұраныс арқылы конкурс пен аукцион арқылы сатып алуды жүзеге асырады; 

2) Мемлекеттік сатып алу участкелеріне мониторинг жүргізеді;  

3) Дайын құжаттарды конкурс комиссиясына береді;

4) Филиал қатысатын конкурстардың нәтижелері мен баға ұсыныстарын бақылайды, ұйымның конкурсқа қатысуға рұқсат беруі туралы хаттамааларды, тендер жеңімпазын таңдау туралы хаттамаларды алады. Мемлекеттік сатып алу конкурсы туралы алынған нәтижелерге талдау жасайды. Қайталама конкур, баға сұрауы туралы ақпараттар береді;

5) Конкурстық құжаттаманы дайындауға,кезекті  өнім берушілер туралы ақпарат алуға, өтінім беруге арналған шығыстарды анықтауға қатысады;

6) Тендерлік құжаттаманы жүргізеді;

7) Бюджетті, өтінімді және мемлекеттік сатып алу жоспарын жасауға қатысады. Мемлекеттік сатып алулар жоспарын мемлекеттік сатып алу веб – сайтына орналастырады;  

8) Тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді жеткізу мерзімін бақылайды, бастамашысы заң, кадр және шаруашылық жұмыс бөлімі болып табылады;   

9) Конкурстарды өткізуге арналған шарттарға қол қою мерзімдерімен келіседі. Уақытылы есеп беруді қамтамасыз етеді. Жеткізушілермен мемлекеттік сатып алу веб- порталына ұсынылған бастапқы құжаттардың дұрыс рәсімделуін тексереді. 

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азамат келесі құжаттарды ұсынады:

1) Қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысуға өтінім беру;

2) Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; 

3) Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы ( нақты тұрғылықты жерінің мекенжайы және байланыс телефондары көрсетілген);

4) Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) Еңбек жолын растайтын құжаттың көшірмесі;

6) Сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің болуы немесе болмауы туралы анықтама  (Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті береді).

Аталған құжаттардың біреуінің болмауы конкурсқа қатысушыдан құжаттарды қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады. Құжаттар пошта арқылы алынса, оларды қайтару мүмкін емес.

Конкурсқа қатысушы бар болған жағдайда оның білімі, жұмыс тәжірибесі, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру туралы құжаттардың көшірмелері,бұрынғы жұмыс орны басшылығының ұсыныстары) ұсынады.

Байқау келесі кезеңдерден тұрады:

1) Біліктілікті бағалау;

2) Тестілеу;

3)  Сұхбат жүргізу;

4) Конкурстың қорытындысын шығару.

Конкурсты өткізу тәртібі: 

Денсаулық Сақтау Министірлігі Санитариялық – эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық Мемлекеттік кәсіпорыны қызметкерлерінің бос лауазымдарына конкурстық орналасу қағидаларымен реттеледі. Қазақстан Республикасы Денсаулық Сақтау Министірлігі  ҚСЕК «Ұлттық сараптама орталығы»  РМК жанындағы РМК сырттай кеңесінің 2023 жылғы 21 қыркүйектегі № 55 шешімімен бекітілген (РМК интернет - ресурстарында орналастырылған).Қазақстан Республикасы Денсаулық Сақтау Министірлігі тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ПХВ бойынша).

Құжаттарды қабылдау: жұмыс күндері сағат 09:00 -ден – 13:00 -ге дейін 14:30-дан – 18:00- ге дейін Жезқазған қаласы, Гурбы көшесі, - № 6 мекенжайы бойынша орналасқан.

Құжаттарды қабылдаудың соңғы мерзімі:  2024 жылдың 15 мамыр., сағат 18:00-ге дейін.

Анықтама телефоны: 8 (7102) 41-02-41.